Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі Төлешовтің тұтқындалуына қатысты қисынсыз қалжыңдады (фото)

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы, бүгінде декреттік демалыстағы бас мұғалім Альбина Елшиева шымкенттік сыра сүйер қауымға тілек тіледі деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бас педагог өзінің Facebook парақшасына төсі жартылай ашық әйел азаматының қолына бір саптыаяқ сыра ұстап түскен суретін жариялап, оның астына "Құрметті Шымкент сырасын сүйер қауым, сіздердің денсаулықтарыңыз үшін" деп жазба қалдырған.

Бұл жазба күні кеше атақты шымкенттік кәсіпкердің қолға түсуімен байланысты болуы мүмкін. Кейін Елшиева аталған жазбасын дереу өшіріп тастады.

Естеріңізде болса, Шымкентте арнайы операция барысында танымал бизнесмен тұтқындалған болатын.

Айта кетейік, Альбина Елшиева 2012 жылы белгілі боксшы Мұxтарxан Ділдәбековке  тұрмысқа шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1031433-mukhtarkhan-dildabekovtinh-ayeli-tolesh/

pixel