RU

«Ауыл» партиясы әнші мен әртістерді депутаттыққа ұсынудан бас тартты

Бүгін Астанада «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ХІІ кезектен тыс съезі өтіп, мәжіліс сайлауына үміткерлер тізімі бекітілді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Съезд барысында делегаттар парламент мәжілісінің депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауға қатысу туралы шешім қабылдады. Осыған орай, заңнама талаптарына сай 19 адамнан тұратын үміткерлердің партиялық тізімін бекітті. Олардың арасында Қытайдан келген қандасымыз, белгілі кәсіпкер Баһаргүл Төлеген де бар.

«Ауылдың» сайлауға қосқан үміткерлері мыналар:

Әлібек Асқаров – ҚР Ұлттық кітапханасының директоры;

Руслан Аушев -  "Пахарь" ЖШС директоры (Павлодар облысы);

Нұржан Әжіметов, «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС директоры;

Амангелді Баянов - «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ директоры;

Толымбек Ғабділәшімов - "Ауыл" ХДПП төрағасының бірінші орынбасары;

Жанат Жақыпова - "Коктас-Ақтобе" АҚ бас директорының бірінші орынбасары;

Нұрбай Жантілеуов - «Архарлы тас» ЖШС құрылтайшысы;

Бөрібай Жексембин - «Ауыл» ХДПП Хатшысы;

Рүстем Жоламан - «Ауыл» ХДПП  орталық аппаратының басшысы;

Талғат Зейнуллин - «Аршалы» асыл-тұқым шаруашылығы" ЖШС бас директоры (Ақмола облысы);

Иван Кендюх - «Есіл-су» РММ экономика бойынша директордың орынбасары;

Түменбай Қалжанұлы – Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы;

Дәурен Маралов - «Алтын диірмен Корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

Мейрамбай Оралов - "Ауыл"  ХДППАстана қаласы бойынша филиалының төрағасы;

Серікбай Өмірзақов - «Күріш шаруашылығы Қазақ ҒЗИ» ЖШС бас директоры;

Ғилман Сарсемәлиев - "Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты" РМҚК директоры;

Төлеген Сыдыхов - "Ауыл" ХДПП төрағасының орынбасары;

Баһаргүл Төлеген -  "Әдемі – Ай plus" ЖШС басшысы;

Валентин Хаданович - "Азимут" ЖШС директоры.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1031479-auyl-partiyasy-usynghan-kandidattar-qa.html