RU

Қазақстанның Қаржы вице-министрі қызметінен кетті

Зейнет жасына толған Қаржы вице-министрі Лена Кармазина қызметінен босады.

«Үкіметтің 2016 жылғы 19-шы қаңтардағы №18 қаулысына сәйкес, Кармазина Лена Мағауянқызы зейнет жасына толуына байланысты,  Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Лена Кармазина 1952 жылы 21 қаңтарда бұрынғы Семей облысы Арқат ауылында туған.

Қаржы министрлігіде 1996 жылдан бері бюджеттік саясат және макроэкономикалық анализ бөлімінің бас қаржыгері қызметінен бастап бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметіне дейін әртүрлі қызмет атқарған.

2003 жылы сол кездегі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіндегі осы департаменттің директоры лауазамына тағайындалған.

2007 жылдың соңынан 2010 жылдың басына дейін ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің вице-министрі болған. 2010 жылдың наурызынан бері ҚР Қаржы вице-министрі лауазымын атқарған.

«Құрмет», «Парасат» ордендерінің иесі,  Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» атты мерейтойлық төсбелгісімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1031525-qazaqstandaghy-qarzhy-vice-ministri-qy.html