RU

Қапшағайда несиесін төлей алмаған кіші сержант өзіне қол жұмсады

Қапшағай қаласындағы Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты 32363 әскери бөлімде қызмет атқаратын кіші сержант Асхат Қазақпаев постта тұрған жерінде қайтыс болған.

Бұл жайында Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Baq.kz.

Марқұм басынан жарақат алыпты. 31 қаңтар күні оның өлі денесін күзет кезегін ауыстыруға келген кіші сержант Константин Каминский көрген.

Тексеруге сәйкес, Асхат Қазақпаев туыстарына екі СМС хабарлама жіберіп, кешірім сұраған. Жақын інісінің айтуынша, оның өліміне мойнында несие проблемасы бар анасы екеуінің арасындағы келіспеушілік себеп болуы мүмкін. Өйткені, Қазақпаев бұрын да өзіне екі рет қол жұмсамақ болған көрінеді.

Әскери бөлім өкілдері кіші сержантқа оң мінездеме берген. Саптастары да оның командир-жауынгерлердің ешқайсысымен ұрыс-керіске бармағанын айтады. Қазір 24 жастағы әскери қызметшінің өлімі бойынша тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1031868-qapshaghayda-nesiesin-toley-almaghan-ki.html