RU

Кремль Рамзан Қадыровтың Instagram парақшасын тексеруге кіріспек

1 ақпан күні Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров өзінің Instagram парақшасында Ресей оппозициясының белді мүшесі әрі экс-қаржы министрі Михаил Касьяновты снайперлік винтовканың нысанасына алған видеосын жариялап, ол қоғамда қызу пікірталас туғызды.

Бұл туралы sn.kz хабарлайды.

«Касьянов Страсбургқа Ресей оппозициясының ақшасы үшін келді. Кім түсінбесе, сол түсінеді» деген тақырыппен жарияланған 15 секундтық видеоға 15 мың адам ұнату белгісін басқан.

Ал, Ресей президентінің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков аталған жайтқа түсініктеме беріп, Рамзан Ахмадұлының жеке аккаунты тексерілетінің айтты.

Аталған видеоны өзінің өміріне төнген қауіп деп қабылдаған Михаил Касьянов енді құқық қорғау органдарына шағымданбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1031881-kreml-ramzan-qadyrovtynh-instagram-paraqshasy.html