RU

"Ауыл" партиясы оралмандардың проблемасына назар аударатынын мәлімдеді

«Ауыл» ХДПП оралмандар проблемасына назар аударады. Бұл туралы партия төрағасы Әли Бектаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Өздеріңіз байқағандай, парламент мәжілісі депутаттығына кандидаттар арасында оралман Бахаргүл Төлеген де бар. Ол атажұртқа Қытайдан қоныс аударып, өз бизнесін ашты. Бүгінде ол еліміздегі ең белгілі әйел кәсіпкерлердің бірі. Бұл партияның бағдарламасында оралмандар проблемасына назар аударылады деген сөз», - деді Бектаев.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XII съезі өтті. Съезд делегаттары мерзімінен бұрын парламент мәжілісінің сайлауына қатысуға шешім қабылдады.

Осыған орай 19 адамнан тұратын партиялық тізім бектілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1031888-auyl-partiyasy-oralmandardynh-problem.html