RU

Тоқтар Төлешовтің үйінен алаяқтығы үшін іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Бизнесмен Тоқтар Төлешовтің үйінде алаяқтығы үшін іздеуде жүрген Сергей Калтаков ұсталды деп хабарлайды ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

«Жедел іздестіру шарасы барысында Тоқтар Төлешовтің үйінен алаяқтығы үшін іздеуде жүрген, 1988 жылғы Калтаков Сергей Викторович ұсталды. Ол Алматы қаласының бірнеше тұрғынын алдағаны үшін іздеуде болған», - деді Алмас Сәдубаев.

Төлешов пен Калтаков уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бүгінде тергеу жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Шымкентте арнайы операция барысында ірі бизнесмен Тоқтар Төлешов тұтқындалған болатын.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1031900-toqtar-toleshovtinh-uyinen-alayaqtyghy-u.html