RU

Шымкентте шіріген ағаш көліктерді басып қалды (фото)

Шымкентте үй ауласында тұрған көліктерді ағаш басып қалды. Келеңсіз жағдай 17-шағынаудандағы №2 үйдің ауласында болған деп хабарлайды Отырар арнасы.

Үйдің алдындағы шіріген ағаш кенет құлап, жергілікті тұрғынның көлігін басып қалған. Соның салдарынан «Жигули» көлігі мыжылып, терезелері сынды.

"Күндізгі сағат 11 шамасында домофон арқылы менің үйіме көршілерім хабарласты. Көлігімнің үстіне ағаш құлап, қирағанын жеткізгенде, төбемнен жай түскендей болды. Мен тез арада қалалық төтенше жағдайлар қызметіне қоңырау шалдым. Олар зардап шеккен жан жоқ болса, полицейлерге және қалалық коммуналдық бөлімге хабарласу қажет екенімді түсіндірді. Одан кейін 4 сағаттай уақыт өтті, бірақ ешкім қарасын көрсетпеді. Енді не істерімді білмей тұрмын. Адвокат жалдап, маманның көмегіне жүгінемін. Мен сот арқылы болса да көлігімнің құнын өтеп аламын", - дейді көлік иесі Роман Машкин.

Оқиға орнынан араға бірнеше сағат салып тәртіп сақшылары келді. Инспекторлар хаттама толтырып,  жағдайға кімнің жауапты екені анықталып жатыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1031915-shymkentte-shirigen-aghash-kolikterdi-ba.html