RU

Тойда мас болып қалған шымкенттік бала көпшілікті шошытты

Желіде мас күйінде тойда билеп жүрген баланың видеосы пайда болды деп жазады Отырар арнасы.

Бейнежазба 23 қаңтар күні Youtube желісіне жүктелген.

Автор видеоны "Шымкент қаласы, Ақжол кафесі. Мас бала билеп жатыр" деген атаумен енгізіпті.

Видеодан  9-10 жасар баланың мас адамдарда билегенін байқауға болады. Алайда, ІІД өкілдері видео кейіпкерінің мас екенін растаған жоқ. Олар кафе әкімшілігімен  хабарласып, аталған кафеде кәмелеттік жасқа толмағандарға ішімдіктің сатылмайтынын анықтаған.

Сонымен қатар, видео авторын да табу мүмкін болмады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1032137-zhelide-toyda-mas-bolyp-bilep-zhurgen-ba.html