RU

Үндістанда 15 жастағы жеткіншек ауыр сырқаттың әсерінен қартайып кетті (фото)

Үндістанның Мумбаи қаласында тұратын жеткіншек сирек сырқат түрінен зардап шегуде. Оның ағзасы дені сау адамның ағзасынан сегіз есе жылдамырақ қартаяды.

Әдетте мұндай диагноз қойылған адам 14 жыл ғана өмір сүре алады. Алайда жеткіншек жақында 15-ке келгенін тойлатып, рекорд орнатты деп хабарлайды Mirror.

Нихал Битла прогерия деп аталатын сырқаттың салдарынан тез қартайып кеткен. Әлемде мұндай науқастар саны 80-нен аспайды.

Нихал Битлаға қорқынышты диагноз 5 жыл бұрын қойылған. Ол кезде 10 жаста болған жеткіншек 60 жастағы қария секілді көрінетін. Жеткіншек науқас екеніне қарамастан, ел қатарлы мектепке барып, болашағына зор үмітпен қарайды.

"Мен бұл бекерден еместігін сеземін. Өзімнің ерекше екенімді білемін", — дейді Нихал Битла.

2014 жылы Бостонда емделген Битла өмірін бірнеше жылға ұзарту мүмкіндігін алған.

Еске салсақ, қазақстандық Нұржан Өркешбаев та прогерия сырқатына 4 жасынан шалдыққан. 24 жастағы ер кісі 70-тегі қарияға айналған.  Жақында ол өз ғашығын тауып, отау көтерген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1032289-undistanda-15-zhastaghy-zhetkinshek-auyr-sy.html