RU

Өзге діндегі жігітке ғашық болған мұсылман қызы сезімін газет арқылы білдірді

Ұлыбританияда тұратын мұсылман қызы өзінің басқа діндегі адамды жақсы көріп қалғанын бүкіл елге жариялады және оны орталық газеттердің бірі арқылы жасырын атпен жеткізді.

Бұл туралы The Guardian газетінің мәліметіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Басылымда жарық көрген мақалада белгісіз мұсылман қызы өзінің әлдеқандай бір мұсылман емес адамға сезімін білдіруінің табиғатын кеңінен түсіндіріп береді.

«Сіз – ақ нәсілді адамсыз, ал мен – шығыс әйелімін, біздің өмірлік жолдарымыз да осыған байланысты әртүрлі болып қалыптасты, – деп жазады аноним-қыз. – Біздің таныс болғанымызға да көп уақыт өткен жоқ, бірақ соңғы айларда сізбен бірге жұмыс істей жүріп, мен сіздің біршама азап шеккен адам екеніңізді байқадым», - дейді ол өз хатында.

«Сіз бұдан бұрын мұсылман қызымен кездесу туралы ойланып көріп пе едіңіз? Маған сіздің менің тартымды деп санайтын-санамайтыныңызды білу қызықты, әлде хиджабым сізді бірден менің аумағымнан аулақтатып жібере ме? Бәлкім, бұл сіз менің өзіңізге қырындағым келген әрекетімді байқамауыңыздан да көрініп тұрған шығар? Ал мен сізге лайкты бекер баспаушы едім», – деп жазады қыз бұдан әрі.

Бойжеткен өзінің анонимді хатынан көп нәрсені күтіп те отырмағанын да мойындайды. Өйткені, діндер аралық мұндай байланыстардың қауіп-қатері мен проблемалары өте көп.

Атап өту керек, ислам қанундары бойынша, бойжеткен қыз қарама-қарсы жыныстың адамымен дәл батыстың ұғымындағыдай деңгейде «кездесе» алмайды. Өйткені, оған некеге отырмай тұрып, ер кісімен жақындасуға болмайды. Сондықтан британиялық мұсылман қыз өзі сөз салып отырған кісінің мұнда ойы бар болса, онда өзінің дінінен безу турасында мықтап ойлануына тура келетінін ашып көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1032441-ozge-dindegi-zhigitke-ghashyq-bolghan-mus.html