RU

Австралиялық қыз хиджаб киген әлемдегі тұңғыш балерина атанды (фото)

Австралиядағы Сидней қаласының Стефани есімді тұрғыны шариғат шәлісін жамылған тұңғыш балерина атанды.

Бұл туралы Islam.kz хабарлайды.

Бойжеткен екі жасынан бері осы өнермен айналысып келеді. 2010 жылы тура жолға түсіп, тілін кәлимаға келтірді.

Қазіргі уақытта Стефани ислам дінін насихаттайтын әрі өзінің сүйікті өнерімен алаңсыз айналысуына мүмкіндік беретін мектеп іздеп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1032455-avstraliyalyq-qyz-khidzhab-kigen-alemde.html