RU

Ақтөбелік прокурорлар бұзақы балалардың көбейгенін айтып дабыл қақты

Ақтөбеде "толық емес отбасы" статусындағы балалар көбейген. Бұзақылыққа баратын жасөспірімдердің 80 пайызы толық емес отбасынан шыққан балалар деп жазады NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік прокурорлар жасөспірімдер жайын айтып дабыл қақты. Қалада 385 жасөспірімді тəртіп сақшылары есепке алып үлгерген. Оның 125-і толық емес отбасынан шыққандар.

"Құқық қорғау қызметкерлеріне қарағанда ата-аналар балаларға көбірек қадағалау жасай алады. Олардың қалтасын да, телефонын да қарау керек. Ғаламторда қандай сайтқа кірді, қандай видеоны қарады деп қадағалағанда ғана балаға бақылау жүргізе аламыз", - деді Ақтөбе қаласының прокуроры Бекзат Өсербаев.

Жыл басынан бері қалада 58 жасөспірімнің қолымен түрлі қылмыс жасаған. 14 қыз жүкті болып қалған. Прокурорлар 16 жасқа толмаған 7 жасөспірімнің жыныстық қатынасқа  түскенін анықталғанын хабарлады.

Өңірде жасөспірімдердің өз өзіне қол жұмсау дерегі де азаймай тұр.

"Биыл 17 жеткіншек суицидке жол берді. Біреуі қайғылы жағдаймен аяқталды. 2015 жылдың 9 айында 13 ана ата-ана құқынан айрылды",- дейді прокурор.

Балалардың тəрбиесіне алаңдаған ұстаздар да мектеп тəртібіне бағынбайтын 58 оқушының оранып жүретінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1032555-aqtobedelik-prokurorlar-buzaqy-bala.html