RU

Алик Айдарбаев: Газ бағасы ұлттық валютада белгіленуі тиіс

Төртінші мұнай өңдеу зауыты Маңғыстау өңірінде салынуы мүмкін. Алайда аймақ басшысы Алик Айдарбаевтың ұсынысын қытайлық компаниялар ғана қолдап отыр деп жазады 24.kz.

Оның айтуынша, әлемдік деңгейде жұмыс істейтін қытайлық компания тарапы жаңа кәсіпорынның ел экономикасына тигізер пайдасын жоғары бағалайды. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында облыс әкімі алдағы уақытта жобаның тиімді тұстарын дәлелдеуге ниетті екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, «Теңізшевройл» компаниясы өндіретін газ ұлттық валютада сатылу керектігін назарға алды. Аймақтағы газ өндіру көрсеткіші жыл сайын артып отырғанымен, өңір газбен толық қамтамасыз етілмейді.

"Неліктен екі қазақстандық «Теңізшевройл» және «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы келісімшартты АҚШ долларында жасады? Теңге бағамы өзгерген сайын, газдың құны қымбаттай түседі. Тиісінше, электр энергиясы, су мен жылудың да бағасы көтеріледі. Менің ойымша, елімізде «Теңізшевройл» компаниясы өндіретін газ бағасы ұлттық валютада белгіленуі тиіс", - дейді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1032693-manhghystau-oblysynynh-akimi-tenhizshev.html