RU

Қазақстандық алаяқтар тіркеуде мүлдем жоқ VIP-нөмерлерді сатып отырған

ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті алаяқтар интернет арқылы жоғары сұраныстағы мемлекеттік нөмірлерді сатуды жолған қойғанын ескертеді деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

"Интернет-желілерде жеке тұлғалардың мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі — МТНБ) сатуы жөнінде хабарламалар жиі орын алуда. Қолданыстағы заңнамаға байланысты көлік құралын мемлекеттік тіркеу және МТНБ беру тек ішкі істер органдарының құзыретіне кіреді", - делінген хабарламада.

Полициядан хабарлағандай, көлік құралының меншік құқығын жаңа иесіне беру кезінде МТНБ-ны қайырымдылық жолымен және қайта тапсыруға жатпайды.

"Қазіргі таңда жоғары сұраныстағы МТНБ-ның сатылуы жөнінде белгісіз тұлғалар интернет желілерінде түрлі жарнамалар жасап жүр. Белгісіз тұлғалар, өз хабарландыруларында, көбінесе, қазіргі уақытта қолданысқа берілген және көлік құралдарының жаңа иелеріне қайта тағайындалуы мүмкін емес немесе мүлдем жоқ МТНБ-ны көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Республикасында МТНБ дайындау барысында Q, I, G және J әріптері қолданылмайды", - деп ақпараттандырады ведомство.

Осылайша, мұндай іс-әрекеттерден онлайн алаяқтықтық белгілерін көруге болады.

"ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, МТНБ беру тәртібін қатаң бақылауға бағытталған іс-шаралар жүргізеді", - деп көрсетілген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1032720-qazaqstandyq-alayaqtar-zhalghan-vip-nomerl.html