RU

Швейцарияда ең кішкентай сиам егіздері бір-бірінен ажыратылды (фото)

Швейцарияның Берн қаласында медицина тарихында тұңғыш рет ең кішкентай сиам егіздерін бір-бірлерінен ажыратып алуға арналған ота жасалды. Бұл туралы шетел БАҚ-тары деректеріне сүйенген ras.kz хабарлады.

Ота үстеліне Лидия және Мария деп аталған, туғандарына сегіз күн болған егіздер жатқызылды.

Жалпы саны 13 дәрігерден тұратын команда бұл отаны кемінде арада жарты жыл өткеннен кейін жасауға тиіс еді. Өйткені, оған дейінгі мұндай әрекеттің тәуекелі көп, өліммен аяқталатыны жиі болатын. Алайда, егіздердің бірінде патологиялық өзгерістің орын алуы жоспарды күрт өзгерттіріп жіберді.

Атап айтқанда, қыздардың бірінің ағзасында екіншісіне қарағанда, қан көбірек жинала бастаған. Бұл факт екі тіршілік иесінің де өмірлеріне қауіп төндірді. Сондықтан отаны кідіртпестен бастап кетуге тура келді.

Тағы бір айтатыны, екі қызда ортақ бір ғана бауыр болған. Ал қалған өмірлік маңызы бар органдардың бәрі бөлек болып, өз беттерінше дами бастаған. Дәрігерлер бауыр біртіндеп өз-өзінен қалыптасатын орган болғаннан кейін мұндай ота жасауға тәуекел етті.

Дәрігерлердің айтуларынша, бірақ бұл хирургиялық араласушылықтың табысқа жету мүмкіндігі өте төмен – бар-жоғы 1 пайыз деп саналған. Ота 5 сағат жасалыпты. Бірақ мүмкіндік өте жақсы пайдаланылған.

Қазір бұл отаның жасалғанына да 5 ай уақыт өткен. Осы кезге дейін одан шыққан балалардың ахуалдары белгілі болып қалатын. Ал Лидия мен Марияның жағдайлары жақсы, бүлдіршін қыздар желкілдеп өсіп келеді. Мұның өзі олардың операциядан кейін қалыптасып кеткендерін көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1032973-shveycariyada-enh-kishkentay-siam-egizde.html