RU

Атырауда бойжеткендер басқарған көлік соқтығысып, бір әйел қаза болды (фото, видео)

Атырауда төрт көліктің соқтығысуы салдарынан бір әйел қайтыс болды, деп хабарлады қаладағы ІІБ-не сілтеме жасап ҚазТАГ.

«Бүгін, 2 ақпанда, күндіз әуежайға бара жатқан жолда төрт көлік соқтығысты. ЖКО нәтижесінде 39 жасар әйел көз жұмды», - деді Атырау ІІБ-де.

Алдын-ала ақпар бойынша KIA Rio маркілі көлігін басқарып келе жатқан қыз бала Toyota Land Cruiser көлігінің жанынан соққан, оны да қыз бала айдап келе жатқан. Қатты соққыдан Toyota қарсы жолға шығып кетіп, «ВАЗ-21014» көлігіне соқтығысқан.

«Ал бұл көлікті оның артында келе жатқан «Нива» соққан. Осы жол-көлік оқиғасында «Нива» көлігінің жолаушысы, әйел қаза тапқан. Полиция қызметкерлері орын алған ЖКО себебін егжей-тегжейлі анықтауда», - деп атап өтті ІІБ-де.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1033239-atyrauda-tort-koliktinh-soqtyghysyp-bi.html