RU

Алматы облысында 18 мың доллар пара алған кеденші сот алдына келді

Алматы облысында «Қорғас Шығыс қақпасы АЭА» өткізу пунктінің «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкері  Қ.Уалғалиев контрабанда және пара алғаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ.

«Сот үкімімен Қ.Уалғалиевтің мемлекетке кіріс ретінде мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын түзету абақтасында өтейтін болады», - делінген сейсенбідегі хабарда.

Сонымен қатар, Қ.Уалғалиев мемлекеттік қызметте, кеден органдарында және жергілікті өзін-өзі басқару органында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Бұл ретте, Қ,Уалғалиев А.Ибрагимовтан жарияланбаған тауарын өткізу үшін $18 мың көлемінде пара алған.

Сот ақпарынша, сол үкім арқылы пара берген А.Ибрагимов те 2 жыл 6 айға сотталды. Оның да жеке мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органында қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзету  колониясында өтейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1033320-almaty-oblysynda-18-mynh-koleminde-para.html