RU

Келімсектерге шексіз көмек көрсеткен 85 жастағы кейуана Нобель сыйлығына үміткер атанды

Лесбос аралының 85 жастағы тұрғыны - Нобель сыйлығына үміткер. Босқындар отбасында дүниеге келген әжей келімсектерге шексіз көмек көрсеткен деп хабарлайды 24.kz.

Оның бейкүнә бүлдіршін мен өзімен қатарлас екі замандасын тамақтандырып жатқан сәті бүкіл әлемге таралған еді. Кейуананың дархан көңілі басылымдарға шыққан суретінен анық аңғарылды. Осы ісі үшін әлемдік Нобель сыйлығына үміткер екенін естіген қария таңданысын да жасыра алмапты. Жомарт жанның бұл сыйлықты алуын Грекия академиктері қалаған.

Сыйлықтан үміткерлер арасында босқындарды құтқару үшін суға еріксіз секірген 40 жастағы балықшы мен мигранттарға көмек беру үшін Рождество мерекесін Грекияда өткізген Голливуд әртісі Сьюзан Сарандон да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1033348-kelimsekterge-sheksiz-komek-korsetke.html