RU

Непалдық ауызына 138 қарындашты сыйдырды (фото, видео)

Непал елінде Раджа Тапа атты жігіт тұрады. Ол таяуда ауызына 138 қарындашты сыйдырып, рекорд жасады деп хабарлайды 24.kz.

Естіген кезде ерсі көрінетін мұндай рекорд осыған дейін де жасалған екен. Бірақ, ол кездегі «сыйдырғыштың» рекорды 92 қарындаш болған, деп хабарлайды The Mirror.

Жалпы 19 жастағы Тапа естіген адамға біртүрлі болып көрінетін рекордтар жасағанды ұнатады екен. Енді ол тек ауызына қарындаш тығумен ғана тоқталып қоймақ емес. Күзетші болып жұмыс істейтін Тапа қолы бос кезде көшеде шоулар қойып, ақша табуды көздейді.

«Мен Непал көшелерінің батыры атанғым келеді», – дейді Тапа.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1033549-auyzyna-138-qaryndashty-syydyrghan-zhigit-r.html