Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайлық дәретхананың таза екенін дәлелдеу үшін оны тілімен жалап шықты (фото)

Опубликовано:

Қытайдың Сычуань өлкесіндегі техникалық оқу орындарының бірінде Хо Лиао есімді кадет өздерінің мазасын алған сержант Чай Пенгке жатақхананың едені мен дәретхананың таза екенін дәлелдеу үшін тілімен жалап шыққан деп жазады Шын порталы.

Сержант қарауындағылардан бөлмелер мен дәретхананың таза болуын, еден отырып ас ішетіндей айнадан жарқырап тұруын бұйырған. Алайда, жаңа келген кадеттерге кезек келгенде жұмыстарына көңілі толмай сын айта бастайды. Сондықтан жазалайтынын ескертеді.

Сержанттың сөзіне шыдамаған жас жігіттердің бірі өздерінің бөлме мен дәретхананы қажет деңгейде тазалағандарын дәлелдеуге рұқсат сұрайды. Сөйтіп Хо Лиао дәретхана мен бөлменің еденін жалап шығады.

Қытайдың көптеген оқу орындарында қатал тәртіптегі әскери дайындық бағдарламалары бар. Студенттерді бөлмелер мен дәретханаларды таза ұстауға мәжбүрлейді. Ал оларды қатал сержанттар қадағалайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1033588-qytaylyq-daretkhananynh-taza-ekenin-da/

pixel