Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық гейлер Швециядан жер аударылуы мүмкін

Опубликовано:

Қазақстандық гей-белсенділер елдегі гомофобия салдарынан Швецияға көшкенімен, ол жерден қуылу қаупінде тұр. Бұған себеп, еуропалық елдердің "Қазақстан гейлерді өзі қорғау тиіс" деген көзқарасы.

«4 жыл бұрын біз шектен тыс гомофобияның кесірінен Қазақстаннан кетуге мәжбүр болдық. Бізге бірнеше рет тап берді, полицияға да жүгіндік. Алайда полиция бөлімі арызды кері қайтаруға мәжбүрледі. Менің бірнеше рет мұрнымды бұзып, бесінші емхана дәрігері гей екенімді білгеннен кейін ақша бопсалады. Дәрігерлер анестезиясыз азаптап емдеп, ал полицейлер, тіпті арызымнан кейін емханаға да келмеді. Ауруханаға жатқызудан бас тартқаннан кейін амалсыздан жеке ақылы емханаға жүгіндік», - деп есіне алды Олег Иванов.

Олег пен оның серіктесі Никитаға қоғам тарапынан қысым күшейе түсіп, тіпті ашық қоқан-лоқы көрсететіндер саны көбейген. Сол себепті олар Қазақстанды тастап, Швецияға жарқын өмір іздеп барған. Алайда ол жер де "жұмақтың төрі" болмай шықты. Жас жігіттер миграциялық лагерьге орналастырылған.

«Бұл гейлер үшін өте гомофобты әрі қауіпті орын. Ол жерде біз үшін қауіп көп екенін талай рет мәлімдегенбіз. Ол жерде әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар жиналған, арасында бізге қыр көрсететін мұсылмандар көп», - дейді Олег.

«Лагерьде бір ай тұрдық. Кейін бізге баспана берді. Одан тез арада көшіп, өз бетімізше өмір сүруге талпындық. Швеция -  гейлер үшін ең жайлы мекен. Бұл жерде биліктің сенің жеке өміріңде шаруасы жоқ. Алайда біз қашқындар қатарында болдық. Құжаттар болмағасын адам қатарында жоқпыз. ID-сіз Швецияда, тіпті барға кіріп ішімдік те ала алмайсың. Саған қашан да жоғарыдан қарайды», - деп түсіндірді ер кісі.

4 жыл бойы қашқындар қатарында тұрып келе жатқан Олег пен Никита талай рет сотқа жүгінген.

«2 жыл бұрын біз Швеция жоғарғы сотының соңғы шешімін алдық. Үкім заңды күшіне енген. Дегенмен біз бұл жерде заңды тұруды жалғастырудың түрлі амалдарын қарастырдық. Ақыры билік бұдан мезі болып, күштеп шығаруды қолға ала бастады», - дейді Олег.

Жігіттерді миграциялық абақтыға қамап қойған. Никита аштық жариялап, 9-шы күнде оны емханаға жатқызған.

21 қаңтарда Олег пен Никита Швециядан қуылуы тиіс болған. Алайда ұшаққа отырар сәтте Швецияның танымал газетінде қазақстандық гейлер туралы мақала жарияланып, олар қоғам назарына түседі.

Олег пен Никитаны қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар, мәдениет және спорт қайраткерлері жақтап, өз көмектерін ұсына бастайды.

Енді қазақстандықтар соттың істі қайта қарауын күтіп отыр. Егер жағдай олардың пайдасына шешілетін болса, олар ықтиярхат ала алады. Болмаған жағдайда кері қайтулары тиіс.

«Қазақстанда гейлер жайбарақат өмір сүре алмайды. Ол жерде бізге ешкім көмектеспейтініне сенімдіміз», - дейді Олег.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1033606-qazaqstandyq-geyler-shveciyadan-zher-au/

pixel