RU

Қарағандыда аяғы ауыр әйел тұмауы асқынғанша дәрігерлерге қаралмаған

Қарағанды облысында әйелдің тұмаудан қайтыс болу жағдайы тіркелді деп хабарлайды NUR.KZ порталы Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлбан Мамалиноваға сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, Қарағандының облыстық ауруханасында 33 жастағы аяғы ауыр келіншектің тұмаудан қаза болғаны туралы мәлімдеп отырмыз", - дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлбан Мамалинова.

Мамалинованың айтуынша, әйел сырқаты әбден асқынғанда ғана дәрігерлерге жүгінген.

"Тұмау вирусты бактериалды өкпе қабынуына ұласқан. Келіншекті құтқару мүмкін болмады", - дейді Мамалинова.

Бүгінде Қарағанды облысында 23 адам тұмаурату фактісімен тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1033683-qaraghandyda-tumaudan-ayaghy-auyr-ayel-q.html