RU

Доллар бағамы тағы 9 теңгеге көтерілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Нәтижесінде теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы $1 үшін 377,96 теңге болды.

Кешегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы 9,05 теңгеге өскен.

Алматы мен Астананың айырбас нүктелерінде АҚШ валютасы 381 теңгеден сатылуда деп хабарланды kurs.kz сайтында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1033814-dollar-baghamy-taghy-9-tenhgege-koterildi.html