RU

Тұрмысқа шығуға айнып қалған еврей бойжеткені 15 мың доллар айыппұл төледі

Иерусалимде тұратын еврей бойжеткені некеге тұруға екі апта қалғанда, күйеуге шығудан бас тартқаны үшін күйеу жігітке ақшалай айып төлеуге мәжбүр болды.

Бұл туралы News.ru.co.il дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Істі қараған бітімгер сот неке контрактісі шартын бұзған 19 жасар еврей бойжеткенді күйеу жігіттің материалдық шығындары мен моральдық зардап шегуінің өтемақысы ретінде оған 60 мың шекелей (15 мың долларға жуық) көлемінде ақша төлеуі тиіс деп шешті. Бұған қоса, қалыңдықты соттың 15 мың шекелей (3,8 мың доллар) мөлшеріндегі шығынын да жабуға міндеттелді.

Сот процесі барысында бойжеткен бұған күйеу жігіт тарапынан күш көрсету әрекетін болғанына байланысты барғанын айтып, ақталып бақты. Алайда, осыны айғақтайтын ештеңе тауып бере алмады. Ал күйеу жігіт екеуі арасында жазылған хаттарды ұсынып, куәларын қоса тартты.

Сот үкім шығара отырып, бойжеткенді күйеуге шығуға мәжбүр ете алмайтынын атап көрсетті. Бірақ оның жасап отырған әрекетін жеңілтектік деп бағалады.

Портал бойжеткен мен жігіттің екеуі де ультра ортодоксалды еврей қауымдастығынан екенін жазады. Олар бір-бірлерімен құдағилары арқылы танысқан. Ал бірнеше айдан кейін үйленетін болып шешім қабылдаған. Алайда, қыз той өтуге екі апта қалғанда, шешімінен айнып шыға келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1033978-evrey-boyzhetkeni-turmysqa-shyghudan-ba.html