RU

Санкцияға жауап ретінде Ресей АҚШ-тың бес өкілін ел аумағына кіргізбей қойды

АҚШ-тың «Магнитский тізімін» кеңейтуіне жауап ретінде Ресей сыртқы істер министрлігі АҚШ құқық органдарының бес қызметкеріне ел аумағына кіруге тыйым салды деп хабарлайды Азаттық.

Дүйсенбі күні АҚШ ресейлік заңгер Сергей Магнитскийдің өліміне және Ресейдегі адам құқығының бұзылуына қатысы бар тұлғаларға санкция салған тізімге тағы бес ресейлікті қосқан еді.

Сергей Магнитский шетелдік инвестициялық компанияның Ресейдегі өкілдігінде жұмыс істеп, 230 миллион доллар салық төлемінің жымқырылғанын әшкерелеген. Кейін ол «салық төлеуден жалтарды» деген айыппен тұтқындалып, 2009 жылы абақтыда қаза болған. Жақтастары оның өліміне абақтыда азапталып, медициналық көмек көрсетілмеуі себеп болған дейді.

Кремль «Магнитский тізімін» кеңейту екі ел қарым-қатынасына кері әсер етеді деп мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1034025-sankciyagha-zhauap-retinde-resey-aqsh-tynh.html