RU

Францияда күйеуін өлтірген әйелге президенттің өзі кешірім берді

Франция президенті Франсуа Олланд зорлық-зомбылық көрсетіп келген күйеуін өлтіріп, 10 жыл түрмеде қамау жазасы кесілген 68 жастағы Жаклин Сважға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды деп мәлімдеді 7sunews.kz «Би-би-сиге» сілтеме жасап.

Саваждың күйеуі жұбайын және қызын жылдар бойы соққыға жығып келген, сондай-ақ ұлын қорлап, өз-өзіне қол салуына  себепкер болған. Ұлы өз-өзіне қол салған күннің ертесіне Саваж күйеуін өлтірді.

Бұл іс Францияда көптің талқысына түсіп, 400 мыңнан астам адам петицияға қол қойып, президенттен әйелге рақымшылық жасауын сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1034093-franciyada-kuyeuin-oltirgen-ayelge-pr.html