RU

Ұл-қызына ұлан-асыр той жасайтын Тоқтар Төлешовтің қоластындағы жұмысшылар жалақысыз отыр

Бүгін Шымкентте кәсіпкер Тоқтар Төлешевтің қорғаушысы мен меншігіндегі сыра зауытының өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді. Өз сөзінде адвокат көп жайттың әлі жасырын екенін айтты.

Олар іске енді кіріскендіктен процессуалды құжаттар әлі қолдарына тимеген деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Авдокат Евгений Яворский көп сұрақтарға нақты жауап бере алмайтынын жасырмады. Ал зауыт директоры Камал Атажанов күні кеше  қызметкерлерінің жалақысыз отыр екен деп тараған ақпаратты теріске шығармады.

"Біз қазір жалақыны біртіндеп төлеп жатыр. Бір-екі күнде толық төленіп бітеді. Қазір қыс ауасы. Зауыт өніміне сұраныс жаз мезгілінде көптеп түседі. Ал қазіргідей уақытта 5-6 есеге дейін кемиді. Сондай-ақ, дағдарыс тағы бар. Бірақ, соған қарамастан бізде жұмыс жүріп жатыр. Төленбеген жалақының нақты көлемін білмеймін. Оны қарау керек. Зауыттағы жағдай бірқалыпты. Қысқарту болмайды", - деді зауыт директоры.

Шымкент сыра зауытына еншілес "Дарxан груп" мекемесіндегілер де жалақысыз қалған. Аталған мекеменің заң бойынша кеңесшісі Сәбит Тұрсынов осылай деді. "Мен өзім де жалақы алмағандардың қатарынанмын. Қазір бізде бәрі реттеліп жатыр", - деді заңгер.

Айтпақшы, кәсіпкер ұсталған кезде онымен бірге ұлы да қамалыпты деген бейресми әңгіме тараған болатын. Төлешевтің адвокаты бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Құқық қорғау қызметкерлері кәсіпкер Тоқтардың ұлынан жауап алған. Төлеген Тоқтарұлы бүгінде әкесінің иелігіндегі зауытты уақытша басқарып отыр.

Ал кәсіпкер 2 айға қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1034232-ul-qyzyna-ulan-asyr-toy-zhasaytyn-toqta.html