RU

Тасмағамбетов арнайы жасақатың әзірлігін тосыннан тексеріп көрді

Аяқ астынан жүргзіліген тексеру аясында «Батыс» және «Оңтүстік» өңір қолбасшылықтарының арнайы жасақ қосындары жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындыққа келді.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Қорғаныс министрлігі сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, дабыл белгісі бойынша әскери қызметшілер жәуынгерлік дәлдікке сәйкес қимылдарды орындады. Әскери-көліктік авияция және автомобилдік техника тартыла отырып, жәуінгерлік қимыл аудандарындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелерді бір жерден екінші жерге алмастыру жүзеге асырылды.

«Шұғыл тексерудің негізгі мақсаты арнайы мақсаттағы бөлімшелердің белгіленген уақытта тапсырмаларды орындау кезіндегі іс-қимылдарының жеделдігін бағалау болып табылады. Бүгінгі таңда жәуінгерлік әзірлікті кенеттен тексеру қарулы күштердің шынайы жәуінгерлік әзірлігін айқындаудың ұтымды тәсілі, сондай-ақ әскери қолбасшылықтағы істердің шынайы мән-жайын зерделеудің тиімді үлгісі», - делінген хабарламада.

Бұндай тексеру кезінде бөлімшелер мен қосындағы жауынгерлердің нақты жауынгерлік іс-қимылы, өзара үйлесуі, түрлі бағыттағы әскери бөлімдердің өзара сәйкесуі басты назарға алынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1034266-tasmaghambetov-arnayy-zhasaqatynh-azir.html