RU

Ғалымдар: "Селфилеткіш" адамдардың сүйіспеншілік қарым-қатынасы кикілжіңге толы болады

Флорида университеті ғалымдарының айтуынша, неғұрлым Instagram желісіне селфиді көп салсаң, соғұрлым қарым-қатынасыңда жанжалдар туындайды деп хабарлайды 7sunews.kz.

Мамандар Instagram желісінде отырған 420 қолданушылар арасында сауалнама жүргізді. Белгілі болғаны, әлеуметтік желіге салған фотоларының санына қарап адамның өз денесіне қанағаттану дәрежесін аңғаруға болады. Бір сөзбен айтқанда, өзінің бет-әлпетіне риза адамдар селфиді көбірек жасайды деп жазады The Hindustan Times.

Дегенмен көптеп салынған селфи — сүйіспеншілік қарым-қатынастағы кикілжіңнің көрсеткіші. Көп жағдайда бұндай кикілжіңнің салдары — ажырасу, араласпай кету, көзге шөп салуға әкеп соқтырады.

Мұндай зардапқа жол бермес үшін Instagram қолданушылары желіге неғұрлым аз селфи салғаны абзал. Бұл кімге қатысты айтылған сөз? Бұл әлеуметтік желіге бола талай рет ұрыс тудырған адамдарға қатысты айтылған кеңес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1034417-ghalymdar-selfiletkish-adamdardynh-suy.html