RU

Қазақстан Қытайға сиыр етін экспорттайтын болды

Қазақстан мен Қытай 1,7 млрд теңгені құрайтын келісімшартқа қол қойды деп хабарлайды Алматы арнасы.

Тиісінше Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында 19 жоба іске асып, қой еті, сиыр еті мен бал экспортталады.

Бұдан бөлек, қосымша 10 жобаның қаржы мәселесі қарастырылу үстінде. Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының елшісі - екі ел арасындағы сауда-саттықты нығайту тиімді болады деген пікірде.

Көршілеріміз, әсіресе, біздің экологиялық таза өнімге құмар екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1034564-qazaqstan-qytaygha-siyr-etin-eksportt.html