RU

Түркіменстан президенті мақал-мәтел туралы кітап жазып шықты

Ашхабадта ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың «Ақылдың кені»(Paýhas çeşmesi) мақал-мәтелдер жинағының тұсаукесері өтті деп жазады sn.kz.

Ресми Ашхабад жайлы ақпарат тарататын сайт ел ішінде «Аркадаг» (жебеуші) деп аталатын Бердімұхамедовтың жаңа кітабы түркімен халқының бай мұрасын халық арасында кең насихаттаудың тиімді бір жолы деп хабарлайды.

Жаңа кітап түркімен халқының философиясы мен дүниетанымына негізделе отырып, бірнеше тарауға бөлінген.

Тіс дәрігері мамандығы бойынша білім алып, медицина саласынан докторлық қорғаған Гурбангулы Бердымұхамедов экономика ғылымдарының да докторы және Түркімен ғылым академиясының академигі, елді 2006 жылдан бері басқарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1034627-turkimenstan-prezidenti-maqal-matel.html