RU

АҚШ ғалымдары ядролық соғысқа дейін қанша уақыт қалғанын айтты

АҚШ-тың коммерциялық емес «Bulletin of the Atomic Scientists» ұйымына кіретін ядрошы ғалымдары жыл сайынғы дәстүрлі «Ақирет күні» деп аталатын символдық акциясын сейсенбі күні өткізді.

Бұл туралы thebulletin.org дерегіне сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Америкалық ғалымдар бұл үшін сағат пен минуттың символдық циферблатын түннің жарымын – ақырғы заман болатын сәтке қойып қойды.

«Bulletin of the Atomic Scientists» ғылыми кеңесінің басшысы Лауренс Краус «Ақирет күнінің» 2015 жылғы қаңтардағы уақытында – түннің жарымына үш минут қалған қалпында тұрғанын мәлімдеді. Алайда, әлемдегі ахуал тап сол кездегідей әлі де өте шиеленіскен күйінде тұр. Бұған қазіргі таңда Жер шарында күн сайын болып жатқан сан алуан оқиғалар толық куә. «Егер біз осы жолды өзгертпесек, адамзат аса зор қауіп пен қатердің құшағында қала береді», – деді Краус.

«Bulletin of the Atomic Scientists» Манхеттэн жобасына кірген ғалымдардың бастамасымен 1946 жылы құрылған. The Doomsday Clock өзінің уақытын есептеуін алғашқы атом бомбасы сынақтан өткізілген сәттен бастап бастандырды. Ол өзінің бір минуттық өлшемдегі сағат тілін баяу қозғалысқа салып қойды. Циферблаттағы тілді қозғалту ережесін арнайы директорлар кеңесі белгілейді. Оған Нобель сыйлығын алған 18 ғалым эколог пен физик кіреді.

Кеңес басшысы Лоуренс Краус өткен жылы халықаралық жағдайда біршама ілгері өрлеушілік болғанын атап өтті. Бұлар – АҚШ пен Иранның ядролық келісімі, Париждегі климат келісімі. Ал негативті факторлар ретінде АҚШ пен Ресей арасындағы текетірестің сол қалпында қалып қоюын, сондай-ақ КХДР-дың ядролық амбициясын айтуға болады.

«Адамзатты орасан зор апаттың шарпу ықтималдығы өте жоғары. Әңгіме өркениеттің ақыры келіп жеткенінде болып отыр», – деген түйін шығарды «Bulletin of the Atomic Scientists» кеңесінің өкілдері.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1034873-aqsh-ta-yadrolyq-soghysqa-deyingi-uaqyt-m.html