RU

Геннадий Головкин күтпеген жерден Майқұдықтағы мектепке қонаққа келді (фото)

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин аяқ астынан Қарағандыдағы орта мектепке келіп, оқушыларды қатты таңырқатты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

3 ақпан күні Головкин журналистерді құлақтандырмай Әлихан Бөкейханов атындағы №76 орта мектепке барды. Ол оқушыларға бокс секциясы мен өзге де жабдықтарды сыйға тартып, біраз кеңестерімен бөлісті.

Жергілікті журналист Ботабек Тілегенов өз Facebook парақшасында Головкиннің мектепке келгенін мектеп оқушыларының бірінен білгенін жазған.

"Мен қуанып, мектепке келдім, ол жерде БАҚ-тың өзге өкілдері болған жоқ", - деп жазған Тілегенов.

№76 мектеп Майқұдық ауданында орналасқан. Дәл сол өңірде Головкин дүниеге келіп, ер жеткен. Ол №65 орта мектепте білім алған.

Фото facebook.com мен kargoo.gov.kz сайттарынан алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1035031-gennadiy-golovkin-kutpegen-zherden-qa.html