RU

Бас прокуратура экстремизмді насихаттайтын сайттарға тосқауыл қойды

Прокурорлар 100 мыңнан астам сайттың экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттауға қатыстылығын тексерді. Бұл жөнінде Бас прокуратураның ресми сайтында хабарланды.

Белгілі болғандай, 5 жыл ішінде Қазақстан аумағында бір мыңнан астам онлайн-ресурстың қызметіне тосқауыл қойылған. Сондай-ақ бірқатар сайттардан 200-ден астам заңсыз материал анықталды. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі реттеу шаралары қабылданыпты.

Айта өтейік, терроризмге қарсы күреске Google Америка қоғамдық корпорациясына тиесілі кеңейтілген іздеу жүйесі де қосылды. Компания осы мақсатпен ірі жобаны ойластырып, іске асыра бастаған, деп жазады The Guardian.

Яғни бұдан былай экстремисттік бағыттағы ақпаратты іздестірген адамдардың барлық мәліметтері автоматты түрде антирадикалды сайттарға түседі.

Google осындай ұсынысты Ұлыбритания парламентінің ішкі істер комитетінен алған. Бастаманы Facebook пен Twitter әлеуметтік желілерінің басшылары да қолдап отыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1035034-bas-prokuratura-ekstremizmdi-nasikha.html