RU

МС Сайлаубекке ескерту жасаған Жетісай тұрғыны рэпердің алдында басқаша сөйледі (видео)

Түсініксіз тілде рэп айтатын МС Сайлаубекке ғаламторда ескерту жасаған азамат рэпердің алдында басқаша сөйлей жөнелді.

Әлеуметтік желіде пайда болған бұл видеоны көрген жұртшылық жетісайлық тұрғынның өз ойынан айнып қалғанына таңырқады.

Жазбада Қарасай есімді тұрғын "Осы МС Сайлаубектің жұмыстары алға баса берсін, орысша айтқанда "поклонниктері" көбейе берсін. Осы МС Сайлаубектің шашынан бір қыл түсетін болса, АллаҺу Акбар", - деп тілек білдірді.

Естеріңізге сала кетөейік, жасы елулерді еңсерген жетісайлық азамат әншіге видео арқылы хабарлама жолдап, өз сөзінде "Жетісайға келсең басыңа бәле тілеп, қиындықтарға ұшырайсың" деген мәнде рэперге сес көрсеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1035064-ms-saylaubekke-eskertu-zhasaghan-zhetis.html