RU

Шымкентте халал-монша өртеніп кетті

Шымкентте мұсылман моншасы өртке оранды деп хабарлайды ТВК арнасы.

Темірлан тас жолы бойындағы моншадан қызыл жалын таңғы сағат 6.30 - дар шамасында тұтанған. Ғимараттың артқы бөлігінен шыққан өрт әп-сәтте бүгіл нысанды шарпыған.

Өртті сөндіру үшін өртке қарсы қызметтің  6 арнайы техникасы жұмылдырылған. Жедел жәрдем қызметі де оқиға орнынан табылды.

Абырой болғанда олардың көмегі қажет болмады. От бір жарым сағатта ауыздықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1035148-shymkentte-musylman-monshasy-ortenip-k.html