RU

МС Сайлаубектің қандай фильмге түсетіні белгілі болды

Қазақстандық танымал дизайнер Жадо дебютант режиссер Динияр Мекеновпен бірге Алматыда комедия түсіреді. Басты рөлді Серікбол Сайлаубек сомдайды, деп хабарлайды BNews.kz.

Түсірілім ұжымының айтуынша, фильм мамырдың аяғына қарай көрермендерге жол тартады.

Фильмнің атауы – «Серік бол». Оқиға желісі Бақанас ауылынан басталып, ақыр аяғында қала тіршілігімен жалғасады.

«Биыл жаңа фильмді қолға алып отырғанымызға өте қуаныштымын. «Тыйым салынған билерден» (А.) кейін біраз уақыт өтті. Келесі туындымыз да жоғары деңгейде болады деп күтеміз. Ауылда келін бола алмаймыз деп алдын-ала айтып жүретін қаланың қыздары туралы комедия түсірмекпіз. Дәстүрлердің өміршеңдігін көрсетіп, оны барлық қыз балалар білуі керек екенін айтқымыз келеді. Басты рөлді Серікбол Сайлаубек ойнайды. Оның талантына еш күмәнім жоқ. Серікбол осы жолы өзін актер ретінде көрсетеді»,- дейді продюсер Жадо.

Сонымен қатар, бұл фильмде Абай Бегей, Мұрат Бисембин, Ернар Айдар, Талғат Жорабаев, Асхат Торғынов, Өмірқұл Айниязов, МС Сайлаубек және т.б. түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1035374-ms-saylaubektinh-qanday-filmge-tuset.html