RU

Баян Есентаева тыңдармандарға жаңа жобасын таныстырды (фото)

Баян Есентаева жуырда шоу-бизнес әлемінде тағы бір дарын иесінің жұлдызын жағады. Продюсердің жаңа жобасы - "Жанды дауыстың" белсенді қатысушысы Жарқынай Шалқарова есімді бойжеткен болмақ.

Шымкент қаласының тумасы жарқын дауысымен көптің көңілін баурап алған соң, халық талантты әншінің болашағын Баян Есентаевамен байланыстырған болатын.

Музыкалық продюсер Бағым Мухитденова да әртістің өнеріне тәнті болып, қалың қауымның алдында Жарқынайға ризалығын білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1035499-bayan-esentaeva-tynhdarmandargha-zhanha-zh.html