RU

Нұрлан Ноғаевтың туған ауылына берген көмегі жұртшылықтың күлкісін келтірді (фото)

Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Ноғаев оқыған мектеп апаттық жағдайда тұр. Білім алған жеріне көмек ретінде әкім мектептің айналасын қоршап берген деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Ноғаев Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы №1 мектебінде білім алған. Ғасырға жуық тарихы бар мектептің ұсқыны кеткені қашан. Осыны естіген Ноғаев 4- 5 жыл бұрын мектепке көмек көрсетуді бастаған болатын. Əкімнің қайырымдылық шарасы мектеп айналасын қоршап берумен аяқталған.

"Нұрлан Ноғаев үлкен кісі. Елге танымал азамат. Ол білім алған кезде мен мектепте болған жоқпын. Ол кісі бізге мектеп айналасын қоршап беруге көмектесті. Бірақ, өзі жасаған көмекті ешкімге айтпауымды сұраған болатын. Есіктің алдын інісі келіп жасады", - дейді Қандыағаш қаласындағы №1 мектеп директоры.

Ноғаевтың қайырымдылық шарасы туралы осыған дейін жергілікті басылымда да жарияланды. Онда Ноғаевтың қирап тұрған мектептегі директордың бөлмесіне пластикалық терезе қондырғанын айтқан еді.

Терезе туралы ешқандай ақпарат бере алмайтынын айтып, ат тонын ала қашқан мектеп директоры Қандыағашта Ноғаев жасаған дуал бар екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1035723-bqo-akimi-nurlan-noghaevtynh-tughan-auyl.html