RU

Жолаушыларды күтіп шаршап кеткен қытайлық ұшақпен жалғыз өзі ұшты

Қытайда Жаңа жыл мерекесін тойлауға дайындық қарсаңында шынымен де қызық оқиғалар болуда деп жазады 24.kz.

Гуаньчжоу қаласынан өзі туылған Уханьға барып демалып келмек болған Чжан есімді әйел әуежайда отырып, ұшақтың келуін 10 сағат бойы күтеді. Осы кезде сол лайнерге Чжанмен бірге отыруы тиіс болған өзге жолаушылар басқа ұшақтарға мініп кетіпті.

Бірақ, Чжан мұны China Southern Airlines лайнеріне мінген кезде бір-ақ білген екен. Содан алып әуе көлігі 2 сағат бойы иелігіне емін-еркін тиген Чжан рахаттана демалып, Уханьға аман-есен жетіпті.

Оның айтуынша, «бұл өзі жекеменшік ұшақта ұшумен бірдей болып», әйел зор әсерге бөленіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1035878-qytaylyq-ayel-zholaushylar-ushaghynda-zha.html