RU

Қазақы оюмен көмкерілген Винокуровтың «алтын» велосипеді көпшілікті тамсандырды (фото)

Александр Винокуров Дубайда «алтын» велосипедін көпшілікке таныстырды деп хабарлайды 24.kz.

Велосипед қазақстандықтың Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада жеңісінің нышанын білдіреді. «Астана» велокомандасының бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров «Дубай турының» мәресінде өзінің жаңа велосипедін жұртшылық назарына ұсынды, деп жазады Cycling Weekly.

Велосипед қазақи оюлармен, Олимпиада эмблемасымен өрнектелген. Бұған қоса Винокуровтың есімі де жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1035899-qazaqy-oyumen-komekerilgen-vinokurov.html