RU

Мәскеуде үйдің кіреберісін күзететін тотықұс көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленуде (фото)

Мәскеу түбіндегі Одинцово қаласында бір үйдің кіребіресінен орын тапқан тотықұс осы баспананың күзетшісі сияқты. Ол мұнда кірген-шыққандармен амандасып тұрады.

Бұл туралы «Дождь» телеарнасына сілтеме жасап ras.kz хабарлады.

Басында қаланың Три горки ауданында тұратын бір кісі тотықұсын беретін адам таппапты. Сосын осындағы үйлердің бірінің кіреберісіне қоя берген.

Қазір ол үйдің тұрғындары бұл тотықұсқа дән риза. Олар өздерінің қанатты достарын әртүрлі тәтті тағамдармен азықтандырып тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1035977-maskeude-uydinh-kireberisin-tanhnynh.html