RU

АҚШ-та әкесімен 4 жасар ұлы көлдің астында қатып қалды

АҚШ-тың Мичиган штатында әкесі мен 4 жасар ұлы қатып жатқан көлдің астына түсіп кетті. Бұл туралы AmericaRU.com дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Жергілікті полиция әкелі-балалы екеуді мұздай көлдің суына қатып қалғандықтан жантәсілім етті деп отыр.

Оқиға Детройттан 60 шақырым жердегі Алдермен көлінде болған. Ол орын алған бойда құтқарушылар мен дайверлер шақырылған. Көлде балық аулап жүрген отыз жастағы Дэвид Майкл мен оның ұлы Джексон мұздың астынан тез алып шығарылған. Бірақ екеуі де ауруханаға алып бара жатқан жолда қайтыс болған. Олар арнайы қыстық кәстөмдер киіп алған екен. Солардың ауыр салмағы екеуін де мұздың астына тартып ала жөнелген.

Осы оқиғаға байланысты шериф өкілі жергілікті тұрғындарда қауіпті жерлерден қашық жүруді сұрап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1035982-aqsh-ta-akesimen-4-zhasar-balasy-muzdynh.html