RU

Сапарбаевтың бұйрығынан кейін Мұғалжар ауданының әкімі үйінде расымен де жарықсыз отыр

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бұйрығынан кейін расымен де үйінде электр энергиясының сөндірілгенін мәлімдеді деп жазады "Диапазон" порталына сілтеме жасап Skifnews.kz.

"Үйімде расымен де жарық жоқ, бірақ ауылды электр энергиясынан ажыратпады", - деді Серік Шаңғұтов портал тілшісіне берген жауабында.

Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын жиын өткізген Бердібек Сапарбаев Мұғалжар ауданындағы Қайыңды ауылында әлі күнге дейін электр жарығының жоқтығын айтып, аудан әкімін де жарықсыз қалдыруға тапсырма берген болатын.

Ал, Қайыңды әкімі болса Сапарбаевтың жалған мәлімдеме жасағанын айтты.

"Қайындыда 10 жылдан бері жарық жоқ деген әңгіме шындыққа жанаспайды. Боран тұрған кезде өшіп қалатыны рас, биыл қаңтардың 18-20 аралығы қатты желдің кесірінен жарықсыз отырды ауыл. Ал, жалпы ауылда электр энергиясынан проблема жоқ", - дейді Қайыңды ауылының әкімі Ілияш Ниязова.

Қазіргі таңда Қайыңды ауылдық округінде 1200-дей тұрғын бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1036164-saparbaevtynh-buyryghynan-keyin-mughal.html