RU

Ұлттық банк басшысы енді теңгеге қол қоймайтын болды

Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгеде енді Ұлттық банк төрағасының қолы болмайтын болды. Мемлекет басшысы осыған орай өзгерістер енгізілген қаулыға қол қойды деп хабарлайды NUR.KZ порталы Kazpravda.kz-ке сілтеме жасап.

Ресми құжат Қазақстан құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланды.

«Қазақстанның Ұлттық банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан заңының 3-бабына сәйкес, қаулы етемін: «Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 жарлығына (Қазақстанның ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 384-құжат; 2008 ж., № 31, 309-құжат; 2014 ж., № 3, 16-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған жарлықпен бекітілген ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасында 13-1-тармақ алынып тасталсын», - делінген жарлықта.

Еске салсақ, бұл тармақта келесі ақпарат бар: "Банкнотаның алдыңғы және артқы бетінде Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының қолы болуы тиіс.

2016 жылдың 28 қаңтарындағы Қазақстан президентінің жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1036203-ulttyq-bank-basshysy-endi-tenhgege-qol-q.html