RU

Көздері екі түрлі итті көргендер таңырқап қалды (фото)

Атақты музыкант өмірден өтсе де, сахна жұлдызынан кейін қалған түрлі қызық деректер таусылатын емес.

Таяуда оның жесірі модель Иман Абдулмаджидтің сыртта серуендеткен итін жақыннан көрген жұрт тағы бір рет таңқалысты, деп хабарлайды The Telegraph-ге сілтеме жасап 24.kz.

Сөйтсе, салпаңқұлақтың екі көзінің түсі екі бөлек болып шықты. Жұрттың айтуынша, бұл ит өзінің марқұм болған иесіне ұқсас екен. Олай дейтін себептері - Дэвидтің көзі тірісінде жанарларының түсі әртүрлі болған.

Себебі музыкант мектептегі оқушылық кезеңде төбелесте жұдырық тиіп, бір көзінің қарашығы кішірейіп қалғандықтан, көздерінің түсі де өзгерген. Айта кету керек, иттің бір көзі көгілдір түсті болса, екіншісі қою қоңыр түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1036217-ataqty-muzykanttynh-kozderi-eki-turli.html