RU

МС Сайлаубек Алматыда жеке дизайндағы киім-кешек дүкенін ашпақ (фото)

Түсініксіз тілімен қазақ шоу-бизнесінде тың жаңалық ашқан МС Сайлаубек көпшілікті таңғалдыруын қояр емес. Атышулы рэпер енді Алматыда жеке дизайндағы киім-кешек дүкенін ашпақ.

Халықтың хит тұлғасы "МС Сайлаубек" сауда белгісімен шығарылатын бас киімдер мен футболкалар, бандана орамалдарын 7-ақпаннан бастап жұрт назарына ұсынады.

Рэпердің пікірінше, киім үлгісі тыңдарманның көңілінен шығып, жоғары сұранысқа ие болады. Авторлық бұйымдардың орта бағасы 5000 теңгеден басталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1036276-ms-saylaubek-almatyda-zheke-dizayndagh.html