RU

Алматыда миллиондарды жымқырған қылмыс әлемінің серкесі 17 жылға сотталып кетті

Тапа-тал түсте 9 миллион теңгені тонап кеткендер енді ұзақ уақыт бостандық көрмейді. Cот «РЭМ Кран» компаниясына қарақшылық шабуыл жасағандарға үкім кесті деп хабарлайды КТК арнасы.

Қылмыстық топ жетекшісі Ерқанат Келдібаев 17 жылын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өткізуі тиіс. Қалған екі сыбайлас - Дастан Әбдіраев пен Азамат Іспаев 11 жылдан арқалады.

Бұл үшеуі былтыр мамыр айында жеке компанияның есепшісін аңдып, тағы бір жұмысшы екеуі кеңседен шыға бергенде тап берген. 64 жастағы азаматты сол жерде атып өлтіріп, жұмысшылардың айлығына деп алынған 9 млн теңгені қолды қылған болатын.

Енді қарақшыларға сол марқұмның жақындарына 1 млн, ал «РЭМ Кран» серіктестігіне 4 млн 683 мың теңге өтемақы төлеу міндеттелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1036324-almatyda-tal-tuste-9-million-tenhgeni-ur.html