Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал музыкалық топ мүшесі түнгі клубта қалай диджей-домбырашыға айналғанын айтты

Опубликовано:

Тиматидің репертуарындағы әйгілі «Лада Седан» әнін домбыра әуеніне салып танылған Made in kz тобының мүшесі, диджей-домбырашы  Бауыржан Итикеев өз шығармашылығы жайлы кеңінен баяндап берді, деп жазады NUR.KZ el.kz порталына сілтеме жасап.

Музыкалық ортада диджей-домбырашы болып танылған Бауыржан Итикеев домбыраға қызығушылығы өнер әлеміне итермелегенін әңгімеледі.

"Қазір өзге ұлт өкілдері қазақтың домбырасын құшақтап, жиын-тойларға жиі баратын болды. Олардың қазақ тілін бұрмалап ән салып, күйді дұрыс тартпауы менің намысыма тиеді. Соның өзінде халық олардың өнерін «экзотика» көреді", - дейді домбырашы.

Бауыржан жастарға қазақтың қара домбырасының кез келген шетелдік музыканы ойнауға қауқары жететінін көрсеткісі келеді. Жас өнерпаздың айтуынша, көпшілік домбыра десе, тек дәстүрлі әншілер және айтыскерлерді елестететіні өтірік емес.

"Жастар жаңа форматтағы креативті дүниелерді тез қабылдайды. Тек оларға соны өз тілінде жеткізе білсек болғаны", - дейді Бауыржан Итикеев.

"Клубта халық әні «Қамажай», Төлеген Мұхамеджановтың «Детство» күйі, «Түркімен биі» шығармасына жасаған ремикстерімді қосамын", - деді диджей.

Клубқа келген қонақтар домбыраның әуенін естіп, ерекше дүние екендігіне таңырқап кетеді.

Made in kz тобы өнерін Стингтің «Shape of my heart» әнін және тағы біраз даңқты джаз шығармаларымен бастаса да, халық арасында Тиматидің репертуарындағы «Лада Седан» әнін орындау арқылы танымал болды.

«Лада Седанды» жарыққа шығаруды мақсат тұтпаған да едік. Студиядағы кезекті дайындықта Instagram-ға салу үшін әуесқой видеоға түсіре салғанбыз. Сондағы видеомыздың ойламаған жерден жұлдызы жанды» — деді топ мүшесі Бауыржан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1036429-tanymal-muzykalyq-top-mushesi-tungi-kl/

pixel